Соңғы деректер бойынша, жұма күні АҚШ-тың Санта-Моника қаласында белгісіз біреудің қолынан қаза тапқандардың нақтыланған саны - төрт адам. Бұл туралы жергілікті полиция хабарлады.
Бұған дейінгі ақпаратта "құрбан болғандар саны алты адам" деп айтылған еді. Полиция осы қылмысқа күдікті адамның полициямен атыс кезінде өлгенін мәлімдеді.
Полицияның мәліметі бойынша, күдіктінің көшеде атқан оғынан екі адам мерт болған. Ал осы оқиғаның алдында өрт шыққан үйден тағы адамның жансыз денесі табылған.
Әзірге күдіктінің кім екендігі туралы айтылған жоқ. Билік өкілдері үсті-басына қара киім киген қарулы адамның университет кітапханасында өзін ұстамақ болған полициямен атысып оққа ұшқанын айтады.
Осы оқиға болған жерден бес шақырымдай жерде жұма күні өткен қайырымдылық шарасына АҚШ президенті Барак Обама қатысқан еді.