Accessibility links

Қырғызстанның экс-премьері сырттай сотталды


Данияр Үсенов.
Данияр Үсенов.
Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Данияр Үсенов сырттай 15 жылға сотталды. Дүйсенбіде Бішкек қалалық соты Үсеновті 2009 жылы Бішкек мэрі болып тұрғанда мемлекет меншігіндегі жер телімін заңсыз иемденді деп айыптады.

Данияр Үсенов 2009 жылы премьер-министр болып тағайындалған еді. Ол Қырғызстаннан 2010 жылы сәуірдегі халық толқуларынан соң кетіп қалған. Қазір оның қайда екені белгісіз.

Данияр Үсенов пен бұрынғы президент Құрманбек Бакиев бар, барлығы 20-дан астам адам сәуірдегі халық толқуларында 100-ге тарта адамның қаза табуына кінәлі деп айыпталып, сотқа тартылып жатыр.
XS
SM
MD
LG