Accessibility links

2013 жылы әлемде бейбітшілік деңгейі төмендеді


Global Peace Index зерттеуінің логотипі. Көрнекі сурет.
Global Peace Index зерттеуінің логотипі. Көрнекі сурет.
Кейбір елдердегі кісі өлтіру мен қаруланудың күшеюі әлемде бейбітшіліктің сақталуына елеулі нұқсан келтіріп отыр. Бұл туралы Экономика және бейбітшілік институты (Institute for Economics and Peace)жариялаған "2013 жылғы әлемдегі бейбітшілік индексі" есебінде айтылады.

Индекс бойынша, өткен жылы 110 мемлекетте бейбітшілік деңгейі тұрақсыз, ал 48 мемлекет бейбіт ел деп танылған. Әлемдегі ең тынышсыз аймақтардың қатарында Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка аймақтары және Ресей мен Еуразия құрлығы аталады.

Зерттеулерде Сириядағы азаматтық соғыс, Иран, Ирак, Ауғанстан және басқа да елдердегі әскери шығындардың артқаны айтылады.

Исландия ең бейбіт ел деп, ал Ауғанстан тынышсыз мемлекет деп танылған.

Зерттеуді Экономика және бейбітшілік институты халықаралық тәуелсіз сарапшылармен бірлесіп жасаған.
XS
SM
MD
LG