Иранда президенттіктен үміткер реформашыл кандидат, бұрынғы вице-президент Мохаммад Реза Ареф 14 маусымда өтетін президент сайлауына қатысудан бас тартты.
Реза Арефтің айтуынша, реформашылдар қозғалысының жетекшісі Мохаммад Хатами оған сайлаудан бас тартуға кеңес берген.
Дүйсенбіде президенттіктен тағы бір үміткер - парламенттің бұрынғы спикері, консерватор Голам Әли Хаддад Адел де сайлауға түсуден бас тартқан еді.
21 мамырда сайлауға кімнің қатысатынын анықтайтын Конституциялық қадағалау кеңесі 700 үміткердің арасынан тек сегіз адамды ғана сайлауға түседі деп шешкен еді.
Сайлауға қатысатын өзге алты кандидаттың көпшілігі - Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменейге жақын консерваторлар. Олар - сақшылары корпусының бұрынғы командирі Мохсен Резаи, Тегеран мэрі Мохаммад Бакер Халибаф, бұрынғы телекоммуникация министрі Мохаммад Гарази, Аятолла Әли Хаменейдің халықаралық істер бойынша кеңесшісі Әли Акбар Велаяти, Иранның ядролық бағдарламасы бойынша бұрынғы және қазіргі келіссөзді жүргізушілер Хасан Рохани мен Саид Жалили.