Accessibility links

ҚАЖК: Ақтөбе облысы түрмесінде тұтқындар төбелесті


Ақтөбе облысының аумақтық картасы. 28 мамыр 2013 жыл. Көрнекі сурет.
Ақтөбе облысының аумақтық картасы. 28 мамыр 2013 жыл. Көрнекі сурет.
Ақтөбе облысының маңындағы Жем елді мекенінде орналасқан қатаң режимдегі колонияда тұтқындар арасында жаппай төбелес болды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Қыолмыстық атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға маусымның 10-ынан 11-іне қараған түні болған. Төбелеске 100-ге тарта тұтқын қатысқан. Төбелестен екі тұтқын дене жарақатын алған. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылған.

Колонияға барған прокуратура, облыстық ішкі істер департаменті өкілдері, қылмыстық атқару жүйесі департаменті басшылары онда түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жағдайды қалыпқа келтірген.

"Қазір түрмеде тәртіпсіздіктер болмас үшін ішкі әскер бөлімі жеткізілді. Төбелесті ұйымдастырушылар анықталып жатыр" дейді қылмыстық атқару жүйесі комитеті.
XS
SM
MD
LG