Accessibility links

АҚШ үкіметін құпия бағдарламасы үшін сотқа берді


Эдвард Сноуден, АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің қызметкері. 6 маусым 2013 жыл.
Эдвард Сноуден, АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің қызметкері. 6 маусым 2013 жыл.
Америка азаматтық еркіндік одағы (American Civil Liberties Union немесе ACLU) АҚШ үкіметін америкалықтар мен шетелдіктердің онлайн деректері мен телефондағы әңгімелерін тыңдайтын бағдарламасына қатысты сотқа берді.

Ұйым шағымда тыңшылық жасайтын құпия бағдарлама азаматтардың еркін қарым-қатынас жасау құқығын бұзатынын айтып, америка үкіметін оны қолдануды доғаруға шақырған.

Бұған дейін Washington Post пен ұлыбританиялық Guardian басылымдары АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігі арнайы бағдарлама арқылы елдегі жетекші интернет компанияларының серверлеріне кіріп, түрлі құжаттар мен дербес деректер алумен айналысатыны туралы жазған. Guardian PRISM деп аталатын бұл құпия бағдарлама туралы ақпаратты АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден деген азамат бергенін айтты.

АҚШ арнайы қызметінің өкілдері тыңшылық жасайтын бағдарлама америкалықтарды қорғауға қажет екенін айтып, оның жеке адамдардың құқықтарын бұзбайтынын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG