Accessibility links

Қазақстан палестиналыққа босқын мәртебесін бермеді


Алматы халықаралық әуежайы. Көрнекі сурет.
Алматы халықаралық әуежайы. Көрнекі сурет.
Алматы әуежайында үш айдан бері тұрып келе жатқан палестиналық Мохаммед Әлбахишке босқын мәртебесі берілмейтін болды. Бұл туралы Азаттық тілшісіне Алматы қалалық ішкі істер департаментінің (ІІД) баспасөз хатшысы Ермек Болтаев хабарлады.

Оның айтуынша, "Босқындар туралы" заңның 12-бабының 1-тармағы бойынша палестиналық азаматқа босқын мәртебесі берілмеген. Бұл бапта өз елінде таптық, нәсілдік, діни, азаматтық және белгілі бір саяси я әлеуметтік көзқарасы үшін қуғынға ұшырау қаупі жоқ азаматтарға босқын мәртебесі берілмейтіні айтылады.

Азаттық тілшісі баспасөз хатшысынан палестиналыққа бұдан ары қандай шара қолданылуы мүмкін екенін сұраған еді. Ол палестиналық осы заң негізінде босқын мәртебесін бермеу туралы өкілетті органның шешіміне шағым түсіре алатынын, осыдан соң ғана оның Қазақстанда қалу-қалмау мәселесі шешілетінін айтты.

25 жастағы Әлбахиш Қазақстанға осыдан үш ай бұрын келген еді. Виза мерзімі біткен соң ол Алматы әуежайында қалып қойған. Қазір сондағы транзиттік аймақта тұрып жатыр.
XS
SM
MD
LG