Accessibility links

Құрманбек Бакиевтің ағасы сырттай тағы сотталды


Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің туыстарына Интерпол жариялаған іздеу (interpol.int сайтының скриншоты), 22 тамыз 2012 жыл.
Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің туыстарына Интерпол жариялаған іздеу (interpol.int сайтының скриншоты), 22 тамыз 2012 жыл.
Бішкек соты Қырғызстанның биліктен кетірілген бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің ортаншы ағасы Акмат Бакиевті сырттай тағы бес жылға соттады. Судья Алмазбек Молдобаевтың айтуынша, Акмат Бакиев өткен жылы тұтқында жүрген кезінде қашып кеткені үшін сотталған.

Акмат Бакиев 2012 жылы наурызда ауруханада өкпе қабынуы ауруынан емделіп жатқан жерінен қашып кеткен еді. Ол "2010 жылы мамыр және маусым айларында жаппай тәртіпсіздік және қауіпсіздік күштері қызметкерлеріне шабуыл ұйымдастырды" деп айыпталып, 2011 жылдың тамызында жеті жарым жылға сотталған еді. Қазір Акмат Бакиевтің қайда жүргені белгісіз.

Қырғызстанның бұрынғы президенті, 2010 жылы сәуірде халық толқулары нәтижесінде биліктен кеткен Құрманбек Бакиев қазір Беларусьте тұрып жатыр.
XS
SM
MD
LG