Accessibility links

Иранда президент сайлауы басталды


Ирандағы президент сайлауы
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:50 0:00

Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеи президент сайлауында дауыс берді. Тегеран, 14 маусым 2013 жыл.

Иранда президент сайлауында дауыс беру басталды.

Иранның рухани жетекшісі Аятолла Әли Хаменеи Тегерандағы сайлау учаскелерінің бірінде дауыс берді. Дауыс берген соң сөз сөйлеген ол АҚШ-тың Иранда "сайлау демократиялық жолмен өтпейді" деген тұрғысындағы сыни пікірлерін теріске шығарды.

Сайлау қарсаңында жүргізілген әлеуметтік сауалнамаларға қарағанда, бәсеке Иранның ядролық бағдарламалар бойынша бұрынғы келіссөздерін жүргізген Хасан Рохани мен Тегеран мэрі, консерватор Мохаммад Бакер Халибаф арасында болмақ.

Президент сайлауына бұл екеуінен өзге төрт кандидат түседі. Олар - ядролық бағдарлама бойынша келіссөздерді жүргізуші Саид Жалили, Аятолла Әли Хаменейдің халықаралық істер бойынша кеңесшісі Әли Акбар Велаяти, сақшылар корпусының бұрынғы командирі Мохсен Резаи және бұрынғы телекоммуникация министрі Мохаммад Гарази.

Егер бүгінгі дауыс беруде бір де бір кандидат көпшілік дауысты жинай алмаса, онда өзгелерінен ең жоғары ұпай алған екі кандидат 21 маусымда екінші рет сайлауға түседі.

Бұл сайлауда жеңіске жеткен кандидат президент қызметін екі мерзім қатарынан атқарған Махмуд Ахмадинежадты алмастырады.
XS
SM
MD
LG