Accessibility links

Наразылық болады деген орында оқушылар слеті өтті


Сарыарқа кинотеатры артындағы алаңқайға жиналған зейнеткерлер билікке деген сыни пікірлерін айтты. Алматы 15 маусым 2013 жыл.
Сарыарқа кинотеатры артындағы алаңқайға жиналған зейнеткерлер билікке деген сыни пікірлерін айтты. Алматы 15 маусым 2013 жыл.
Бүгін Алматыда коммуналдық төлемақы бағаларының қымбаттауына наразылық акциясын ұйымдастырушылардың бірі, белсенді Ризада Жақыпбекті полиция үйінен ұстап әкетті. Ризада Жақыпбектің ұсталғанын және оның Алатау аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілгенін Азаттық тілшісіне оның көршісі Әшірбек есімді азамат хабарлады.

Алатау аудандық ішкі істер бөлімінің кезекші қызметкері Жақыпбектің ұсталғанын растады. Бірақ не себепті ұсталғанын айтудан бас тартты.

Бұған дейін 15 маусымда Алматыдағы "Сарыарқа" кинотеатрының артындағы шағын алаңда коммуналдық төлемдердің қымбаттауына байланысты рұқсат етілмеген наразылық акциясы болады деп хабарланған еді. Бірақ ол жерде Әуезов аудандық әкімшілігі ұйымдастырған мектеп жанындағы лагерлерге баратын оқушылардың слеті өтті.

Іс-шара өтіп жатқан тұста сол маңдағы Ленин ескерткішінің жанына 15-20 шақты зейнеткер, азаматтық белсенділер жиналып, билікке қарата сыни пікірлерін айтты.

Наразылық акциясын ұйымдастырушылардың бірі Ермек Нарымбаевты бүгін полиция Әуезов аудандық ішкі істер басқармасында бірнеше сағат ұстап, кейін босатты.
XS
SM
MD
LG