АҚШ пен Ресей президенттері Барак Обама мен Владимир Путин Солтүстік Ирландияда өтіп жатқан "Үлкен сегіздіктің" Сирия мәселесіне арналған саммиті аясында келіссөздер жүргізді.
Ресей президентінің айтуынша, Сириядағы қантөгісті тоқтатуға қатысты екі ел ұстанымдарында алшақтық бар. Бірақ екі мемлекет те қақтығысты доғартып, соғысушы тараптарды келіссөздерге шақырғысы келеді.
Барак Обама да Вашингтон мен Мәскеу Сирияда химиялық қару қолданылмауы үшін қолдан келгенді жасайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, екі ел басшылары өз әкімшіліктеріне Женевада өтетін Сирия мәселесіне арналған конференцияның жоспарын әзірлеуге тапсырма берді.
Обама бұған қоса Путин екеуі де Иранда жаңа президент сайланғаннан кейін Тегеранмен саяси диалог орнатылатынынан үмітті екендерін білдірді.