Accessibility links

Шекара қызметі капитанын "ұрлағандарды" іздеп жатыр


Алматы қаласының картасы. Көрнекі сурет.
Алматы қаласының картасы. Көрнекі сурет.
Алматы полициясы ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің капитанын ұрлап әкеткен бес адамды іздестіріп жатыр деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агентігі.

Алматы қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, шекара қызметінің капитанын (1985 жылы туған) ұрлады деген күдіктілердің жастары - 20-25 жас аралығында.

Күдіктілер капитан шеніндегі қызметкерді байлап, оны өз көлігіне салып, Алматы облысының Іле ауданы аумағындағы жанармай құю станциясының маңына тастап қашып кеткен. "Қазір күдіктілерді анықтау және оларды ұстау шаралары жүріп жатыр" дейді ішкі істер департаменті.
XS
SM
MD
LG