Ауғанстан президенті Хамид Карзай ауған армиясының елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндетін қабылдап алғанын мәлімдеді. Ол 18 маусымда Кабулда, халықаралық әскердің елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету өкілетін ауған армиясына тапсыру салтанатында сөйледі.
Ауған армиясы елдің оңтүстігі мен шығысындағы 95 ауданның қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін алды. Бұл шара - халықаралық әскердің өз өкілетін тапсыруының соңғы сатысы. Талибтар ауған үкіметіне қарсы күресін осы аудандарда жалғастырып отыр.
Салтанатты шараға НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен қатысты.
Салтанат басталар кезде Кабулдың батыс бөлігінде жанкешті жарылыс жасады. Жарылыстан кем дегенде үш адам қаза тапты. Полиция мәліметі бойынша, жанкешті парламент депутаты Мохаммед Мохакикті өлтірмек болған. Депутат аман қалған.