Accessibility links

Мәжіліс адам саудасына қарсы заң жобасын мақұлдады


Парламент мәжілісі, Астана. Көрнекі сурет.
Парламент мәжілісі, Астана. Көрнекі сурет.
Қазақстан парламенті мәжілісі бүгін адам саудасымен күрес туралы кейбір заң актілеріне түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын екінші оқылымында мақұлдады.

Заң жобасында адам саудасына қатысты қылмыстарға тағайындалатын, жұмыс берушілер кәмелеттік жасқа толмағандардың еңбегін пайдаланған кезде еңбек заңнамаларын бұзғаны үшін кесілетін жазаны күшейту қарастырылған.

Бұған қоса құжатта жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген, жезөкшелікпен айналысуға үй немесе кеңсені жалға берген адамдардың жазасын арттыру туралы да жазылған.

Соғыс және бейбітшілік институты (Institute for War and Peace Reporting) өткен жылы жариялаған есебінде Қазақстанда адам сатып, құл ұстайтындар көбейгенін мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG