Қырғызстанда оппозициялық "Ата Жұрт" партиясының үш депутатын (Камчыбек Ташиев, Садыр Жапаров және Талант Мамытовты) ақтаған судьялар жасырынып жүрген болуы мүмкін. Бұл туралы хабарлаған жоғарғы сот ресми өкілінің журналистерге айтуына қарағанда, үш судья да сейсенбіден бері жұмысқа шықпаған және олардың қайда екені де белгісіз.
Бұған дейін ондаған белсенді судьялардан "Ата Жұрт" партиясының депутаттарын не себепті ақтағандарын түсіндіруді талап еткен еді.
Наурыз айында оппозициялық үш депутат "мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды" деп айыпталып, бір жылдан бір жарым жылға дейін сотталған. Олар өткен жылы қазан айында үкіметке қарсы наразылық акцияларын өткізген кезде ұсталған.
17 маусымда Бішкекте өткен сот отырысында депутаттардың жақтастары оларды дереу босатуды талап етіп, судьяларға шөлмек пен аяқ киім лақтырған еді. Бұдан соң судьялар Ташиев, Жапаров және Мамытовты ақтап, босату туралы үкім шығарған.