Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) деректері бойынша, әлемде әйелдердің үштен бірі әртүрлі зорлық-зомбылық көреді.
ДДСҰ жүргізген арнайы зерттеуінде әйелдердің 35 пайызға жуығы ұрып-соғу мен жыныстық зорлықтан жапа шегетіні, оларға көбінесе қосақтары әлімжеттік жасайтыны айтылған. Қаза болған әйелдердің 40 пайызы күйеуінің немесе бірге тұратын адамының құрбаны болған. Бұл проблема Оңтүстік-Шығыс Азия, Африка мен Таяу Шығыста өте өзекті мәселеге айналып отыр.
ДДСҰ-ның есебі 1983-2010 жылдар аралығындағы кезеңді қамтитын зерттеулерге сүйеніп жасалған. Халықаралық ұйым жетекшісі Маргарет Чан «есеп қорытындысы әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың індет тәрізді жайылып кеткен ғаламдық проблемаға айналғанын көрсетті» деп мәлімдеген.
БҰҰ-ның деректері бойынша, қазіргі кезде әлемде 600 миллионға жуық әйел тұрмыстағы зорлық-зомбылық қылмыс болып саналамайтын елдерде тұрып жатыр.