Accessibility links

Freedom House: Қырғызстан қыз ұрлауға тоқтау салмай отыр


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Freedom House ұйымы Қырғызстан билігін елдегі қалыңдық ұрлау оқиғаларына қарсы шаралар қабылдауға шақырды.

Құқық қорғау ұйымының деректері бойынша, Қырғызстанда жыл сайын қалыңдық ұрлауға қатысты 12 мыңдай оқиға тіркеледі. "Бұлардың жартысына жуығы қалыңдықтың еркінен тыс жасалатындықтан олар адам ұрлау қылмысына теңестірілуі керек" дейді құқық қорғаушылар. Еркінен тыс әкетілген қалыңдықтардың жартысына жуығы жыныстық зорлық көрген.

«Қырғыз үкіметі бұл мәселеде заңсыздық пен адам құқығын бұзуға үнсіз келіскендей сыңай танытып отыр» деп сын айтады Freedom House.

Ұйым қалыңдық ұрлауды тыю және заңды сақтау мақсатында қырғыз билігін дереу тиісті шаралар қабылдауға үндейді. Халықаралық құқық қорғау ұйымы қалыңдық ұрлауға қарсы заң күшейтілгенімен, елде бұндай оқиғаларға байланысты қылмыстық істер мен сот үкімдері жоқ екендігін атап көрсеткен.

Freedom House ұйымы сонымен бірге қолданыстағы заңға адамды ықтиярынсыз үйлендіріп, некесін қиятын дін қызметкерлерінің жауапкершілігін күшейтетін өзгерістер енгізу қажет екенін де айтқан.
XS
SM
MD
LG