Accessibility links

Германия түрмедегі Тимошенконы емдеуді сұрады


Германия сыртқы істер министрі Гидо Вестервелле Юлия Тимошенконың қызы Евгениямен сөйлесіп отыр. Киев, 21 маусым 2013 жыл.
Германия сыртқы істер министрі Гидо Вестервелле Юлия Тимошенконың қызы Евгениямен сөйлесіп отыр. Киев, 21 маусым 2013 жыл.
Германия түрмеде отырған Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимошенконы емдеуге дайын екенін мәлімдеді.

31 маусым күні Украинаға барған Германия сыртқы істер министрі Гидо Вестервелле Украина президенті Виктор Януковичпен болған келіссөздерден кейін «Берлин мен Киев бұл мәселені (Тимошенконы емдеу) қарастырып жатқанын» мәлімдеді.

Тимошенконы емдеу үшін Украинаның Харьков қаласына Германия дәрігерлері барып отыр.

2012 жылы мамыр айында Тимошенконың арқасы ауырып, емделген еді.

Ол 2011 жылы қазан айында Ресеймен арадағы газ келісімдеріне байланысты «лауазымын асыра пайдаланды» деген айыппен 7 жылға сотталды. Оған «салықтан жалтарды, өзгенің мүлкін иеленді» деген де айыптар тағылды. Тимошенко бұл айыптарды мойындамайды.
XS
SM
MD
LG