Мәскеу полициясы мен жергілікті шенеуніктер Ресейдегі құқық қорғаушылардың "Адам құқықтары үшін" қозғалысы кеңсесін тінтті.
Құқық қорғаушы ұйымның үйлестірушісі Александра Букварева Азаттық тілшісіне шенеуніктердің 21 маусым күні ғимаратты босатуды талап еткенін хабарлады. Билік өкілдері ғимараттың Мәскеу үкіметіне тиесілі екенін, жалға алу мерзімі аяқталғанын мәлімдеген.
Букварева құқық қорғаушылар қозғалысының 1990 жылдардан бері осы ғимаратта жұмыс істеп, кеңсені жалға алу мерзімін ұзартып келе жатқанын айтты.
Тінту кезінде қозғалыс жетекшісі, құқық қорғаушы Лев Пономарев кеңсе ішінде болған. Оның пікірінше, "рейдтің саяси астары бар".
Ресейде шетелден қаржы алатын үкіметтік емес ұйымдардың "шетел агенттері" ретінде тіркелуін талап ететін заң қабылданған. Жаңа заң қабылданғаннан кейін елдегі адам құқықтарын қорғаушы ұйымдарға қысым күшейе түсті.