Accessibility links

Кличко түрмедегі Тимошенконы емдеуге шақырды


Бокстан әлем чемпионы және Украина оппозициясының "Удар" альянсының жетекшісі Виталий Кличко. Киев, 5 наурыз 2013 жыл.
Бокстан әлем чемпионы және Украина оппозициясының "Удар" альянсының жетекшісі Виталий Кличко. Киев, 5 наурыз 2013 жыл.
Бокстан әлем чемпионы және Украина оппозициясының "Удар" альянсының жетекшісі Виталий Кличко үкіметті түрмеде отырған бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенконы Германияда емдеуге рұқсат беруге шақырды.

Кличко бұл мәлімдемесін 21 маусымда, Киевте Германияның сыртқы істер министрі Гидо Вестервеллемен кездесіп шыққаннан кейін, Азаттықтың Украин қызметінің тілшісіне берген сұхбатында айтты.

Тимошенко 2011 жылы қазан айында Ресеймен арадағы газ келісімдеріне байланысты «лауазымын асыра пайдаланды», «салықтан жалтарды, өзгенің мүлкін иеленді» деген айыптармен 7 жылға сотталды. Ол бұл айыптарды мойындамайды.

Кличко бұрынғы премьер Тимошенкоға байланысты барлық шешімдер "бір ғана адамға", яғни Украина президенті Виктор Януковичке тәуелді екенін мәлімдеді.

Кличко Германия сыртқы істер министрі Вестервелленің Украина оппозициясына "күш біріктіріп, 2015 жылы өтетін президент сайлауына ортақ кандидат шығаруға" кеңес бергенін да айтты.
XS
SM
MD
LG