Accessibility links

Қарағандыда оқушы қыздарға қатысты сот шешімі шықты


Қарағанды облысының аумақтық картасы. Көрнекі сурет.
Қарағанды облысының аумақтық картасы. Көрнекі сурет.
Қарағанды облыстық жасөспірімдер ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық соты "құрбысын тұншықтырып өлтірді және ол қылмысқа қатысы бар" деген айыппен кәмелетке толмаған екі оқушы қызға қатысты шешім шығарды. Бұл туралы Азаттық тілшісіне судья Асқар Марданов хабарлады.

Маусым айының басында Қарағанды қаласы маңындағы су қоймаларының бірінен 9 жастағы Анна Ткаченко есімді баланың өлі денесі табылған еді. Оның өліміне көршілес құрбылары, кәмелетке толмаған үш қыз кінәлі деген күдікке ілінген.

Судьяның айтуынша, сот әуелі үш оқушы қыз - Кристина, Каролина және Александраның ата-аналарына қатысты азаматтық істі қараған. Сот күдікті үш қыздың ата-анасына әкімшілік кодекстің 111 бабының 2 бөлімі бойынша "балаларына дұрыс тәрбие бермеді" деп 35 мың теңге көлемінде айыппұл салған.

Бұдан соң сот оқушы қыздарға азаматтық істі қарап, 11 жасқа толған Кристина мен Каролинаны Қарағанды облысы аумағындағы Керней ауылындағы арнайы мектептке бір жыл тәрбиелеуге жіберу туралы шешім шығарған. Ал Александраның жасы 11-ге толмағандықтан одан жауап алынбады.
XS
SM
MD
LG