Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тамара Дүйсенованы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі етіп тағайындады. Бұл туралы президенттің ресми сайты хабарлады.
Бұған дейінгі министр Серік Әбденов зейнетақы реформасына қатысты заң жобасын президент парламентке кері қайтарған соң қызметінен кеткен еді. Ол әйелдердің зейнет жасын 63-ке дейін ұзарту жайлы заң жобасына байланысты халыққа танымал болған. Заң жобасын түсіндіру үшін аймақтарды аралап жүрген министр Әбденов сәуірдің 26-сында Алматыға келгенде оған қоғамдық белсенді Андрей Цуканов жұмыртқа лақтырған.
Тамара Дүйсенова бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, ал Серік Әбденов қызметінен кеткен соң оның міндетін атқарған.