Accessibility links

Саакашвилидің партиясы парламентте бойкот жариялады


Грузия президенті Михаил Саакашвили. Тбилиси, 27 маусым 2013 жыл.
Грузия президенті Михаил Саакашвили. Тбилиси, 27 маусым 2013 жыл.
Грузия президенті Михаил Саакашвилидің "Біріккен ұлттық қозғалыс" партиясының депутаттары партияның бірнеше өкілінің тұтқындалуына наразылық танытып, парламент отырысын тастап шығып кетті.

Партия жетекшісі Леван Бежуашвили жұма күні журналистерге депутаттар "партияны жоспарлы түрде жоюға" наразылық танытып, парламент отырысына бойкот жариялағанын айтты.

Бейсенбі күні кешке Тбилиси қалалық әкімшігінің төрт шенеунігі тұтқындалып, оларға "қаржы жымқырды" деген айып тағылған еді. Тбилиси мэрі, "Біріккен ұлттық қозғалыс" партиясының мүшесі Гиги Угулава әріптестерінің тұтқындалуын "партиямыздың құрылымын жоюдың кезекті әрекеті" деді.

2012 жылы қазанда парламент сайлауында Бидзина Иванишвилидің (елдің қазіргі премьер-министрі) оппозициялық "Грузия арманы" партиясы жеңіске жеткен соң Михаил Саакашвилидің бірнеше жақтасы қамауға алынып, айып тағылған.

Бидзина Иванишвили 24 маусымда "күзде өтетін президент сайлауынан соң Михаил Саакашвилидің тұтқындалуы мүмкін екенін жоққа шығармайтынын" мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG