Accessibility links

Қазақстан мен Ұлыбритания стратегиялық келісім жасасты


Дэвид Кэмерон (сол жақта) мен Нұрсұлтан Назарбаев "Болашақ" зауытының жұмысшыларымен кездесуде. Атырау облысы, 30 маусым 2013 жыл.
Дэвид Кэмерон (сол жақта) мен Нұрсұлтан Назарбаев "Болашақ" зауытының жұмысшыларымен кездесуде. Атырау облысы, 30 маусым 2013 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон екі ел арасындағы стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды.

1 шілде күні Астанада премьер Кэмеронмен келіссөздер өткізген соң президент Назарбаев: "Біз стратегиялық әріптестік туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойдық. Келісім ынтымақтастықты ғана емес, екі ел қарым-қатынасын жаңа сапалы деңгейге жеткізуді көздейді. Біз Ұлыбританияға шикізат беріп, есесіне инвестиция мен жоғары технология алу тұрғысындағы энергетикалық диалог орнатуға дайынбыз" деді.

Кездесуде бұдан өзге транспорт саласындағы ынтымақтастық, азаматтық авиацияны дамыту мәселелері талқыланған. Екі ел басшысының 1 миллиард АҚШ доллары тұратын 14 келісім мен меморандумға қол қойғаны туралы хабарланды.

Дэвид Кэмерон Қазақстанға жұмыс сапарымен 30 маусымда келген еді. Алғашқы күні ол Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге Атырау облысындағы "Болашақ" мұнай-газ өндіру зауытының ашылуына қатысқан.
XS
SM
MD
LG