Accessibility links

Назарбаев журналистерге адам құқығы туралы жауап берді


Нұрсұлтан Назарбаев (ортада) пен Дэвид Кэмерон (оң жақта). Астана, 1 шілде 2013 жыл.
Нұрсұлтан Назарбаев (ортада) пен Дэвид Кэмерон (оң жақта). Астана, 1 шілде 2013 жыл.
"Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің хабарлауынша, Астанада Ұлыбритания премьері Дэвид Кэмеронмен кездесуден соң брифинг өткізген президент Нұрсұлтан Назарбаев ұлыбританиялық журналистердің Қазақстандағы адам құқықтары туралы сұрақтарына жауап берді.

"Кеңестеріңіз бен ескертпелеріңізге рахмет, бірақ бізге қалай өмір сүру және елімізді қалай құру жайында ешкім нұсқау бере алмайды. Адам құқықтары мен бостандығы жайына келсек, Қазақстан адамның негізгі құқықтарын қамтамасыз етіп отыр. Бізде президент ашық, әділ және еркін түрде сайланады. Парламентте үш партия бар. Үш мыңға жуық ақпарат құралы, оппозиция жұмыс істейді" деген Назарбаев журналист сұрағына орай.

Дэвид Кэмерон Қазақстанға жұмыс сапарымен 30 маусымда келген еді.

Кэмерон сапарының қарсаңында Human Rights Watch ұйымы Қазақстанда үкімет билікті сынайтындарды түрмеге отырғызып, азаматтардың еркін жиын өткізу құқығын шектеп, БАҚ-ты қатаң бақылауда ұстайтыны туралы мәлімдеген. Ұйым британ премьерін Қазақстанға барғанда осы жайттарды қозғауға шақырған болатын.
XS
SM
MD
LG