Байқоңырда ресейлік "Протон" зымыран тасығышының ұша бере апатқа ұшырауы себебін тексеретін арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы Ресейдің "Роскосмос" агенттігі ресми сайтында хабарлады. Комиссияға агенттік басшысының орынбасары Александр Лопатин жетекшілік етеді.
Бүгін, 2 шілдеде Астана уақытымен таңғы сағат 8:39 шамасында Байқоңырдан ұшырылған "Протон" зымыран тасығышы әуеге көтерілген соң 10-15 секундтан кейін төмен қарай құлдилап, жарылып кеткен еді.
Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігі "Протонның" Байқоңыр космодромы аймағында құлағанын, қоршаған ортаға зымыран отынының жайылғанын хабарлады. Апат орнына арнайы топ жіберілген. Ресей жағының мәліметі бойынша, адам шығыны болмаған.