Accessibility links

"Протон-М" гептилі зардабын анықтайтын комиссия құрылды


"Протон-М" зымыранының құлаған сәті. "Россия 24" телеарнасының видеосынан алынған скриншот.
Қазақстан премьер-министрі Серік Ахметов Байқоңырда апатқа ұшыраған ресейлік "Протон-М" зымыранынан төгілген отын - гептилдің зардабын зерттейтін үкіметтік комиссия құруға тапсырма берді. Комиссияға қоршаған ортаны қорғау министрі жетекшілік етпек.

Ресейдің "Роскосмос" агенттігі де апаттың себеп-салдарын тексеретін комиссия құрғанын хабарлаған.

Бүгін, 2 шілдеде Астана уақытымен таңғы сағат 8:39 шамасында Байқоңырдан ұшырылған "Протон-М" зымыран тасығышы әуеге көтерілген соң 10-15 секундтан кейін құлап, жарылып кеткен еді.

Жарылыстан соң қоршаған ортаға зымыран отыны жайылған. Кейбір ақпараттарға қарағанда, жарылыс кезінде зымыран тасығышта 600 тоннаға жуық отын болған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG