Accessibility links

Белсенділер Ресей консулдығына петиция тапсырды


Ресей консулдығына петиция тапсырылды
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:42 0:00
Жүктеп алу

Бір топ азаматтық белсенді Байқоңыр ғарыш айлағындағы апатқа наразылық танытып, Ресей консулдығына петиция апарды. Алматы, 2 шілде 2013 жыл.

Бір топ белсенді азамат Байқоңырдағы апатқа байланысты Ресейдің Алматыдағы бас консулдығына наразылық хатын тапсырды.

Хатта азаматтар Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышының апатқа ұшырап, одан гептил отынының төгілуі қоршаған орта мен ауаға, адамдардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін" екенін айтып, Қазақстан мен Ресей үкіметіне бірнеше талап қойған.

Олар Қазақстан мен Ресей үкіметінен зымыран апатының себеп-салдарын анықтайтын комиссия құрамына қоғамдық өкілдер, дәрігерлер мен экологтардың қосылуын, мемлекеттік комиссия жұмысының нәтижесі ақпарат құралдарында жариялануын сұрайды. Апат себебі анықталып, одан келген шығын толық өтелмейінше Байқоңырдан ресейлік зымырандардың ұшырылмауын, Байқоңырды жалға беру туралы Ресеймен жасалған келісімді қайта қарауды да талап етеді.

Хатта "Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан өзге Ресей жалға алған Капутин Яр, Сарышаған, Ембі, Балқаш-1, Сарыөзек және басқа да әскери полигондарды жабу" жайлы да жазылған.

Наразылық хатына оншақты адам (журналист, заңгер, саясаттанушылар) қол қойған.

Бүгін таңертең Байқоңырдан ұшырылған "Протон" зымыран тасығышы әуеге көтерілген соң бірнеше секундтан кейін жарылып кеткен еді.
XS
SM
MD
LG