Accessibility links

Оппозиция зымыран ұшыруға наразы


Оппозициялық "Азат" партиясының жетекшісі Болат Әбілев.
Оппозициялық "Азат" партиясының жетекшісі Болат Әбілев.
"Азат" партиясы Алматыда баспасөз жиынын өткізіп, Байқоңыр ғарыш айлағынан зымырандар ұшыруды тоқтата тұруды талап етті деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Партия жетекшісі Болат Әбілев жиында "Байқоңырда болған апатқа қатысты тергеу аяқталып біткенше зымыран ұшыруды тоқтата тұру керек" деді. Оппозиция өкілдері таратқан үндеуде "зымыранның апатқа ұшырауы Қазақстанның экологиясына зардап келтіріп, жергілікті тұрғындардың ауру-сырқауға шалдығуына себеп болды" делінген.

Олар бұған қоса Қазақстан территориясындағы Ресей жалға алған әскери полигондарды жабуды да талап етті.

Үндеу жасағандар Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан "Қазақстандағы Ресей полигондарынан жиырма жылдан астам уақыттан бері келген зардапты толық анықтауды" талап еткен.

2 шілдеде Байқоңырдан ұшырылған ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышы әуеге көтерілген соң бірнеше секундтан кейін жарылып кеткен.
XS
SM
MD
LG