Италия мен Франция үкіметінің өкілдері АҚШ ұлттық қауіпсіздік агенттігінің бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуденге саяси баспана бермейтіндерін хабарлады.
Франция ішкі істер министрі Сануэль Вальстің айтуынша, Сноуден саяси баспана сұрап, Францияның Мәскеудегі елшілігі арқылы өтініш берген. Бірақ Париж "жағдайды құқықтық тұрғыда саралай келе", саяси баспана беруден бас тартқан.
Италия сыртқы істер министрі Эмма Бонино Сноуденнің саяси баспана сұраған өтініші факспен келгенін айтады. Оның сөзіне қарағанда, Италия заңдары бойынша саяси баспана сұраған кез-келген адам өзі келуі керек болғандықтан өтініш қаралмаған.
Эдвард Сноуден АҚШ арнайы қызметінің түрлі елдердегі азаматтардың интернеттегі және телефондағы байланыстарына бақылау жасайтын құпия бағдарламасын әшкере қылған еді. Бағдарлама үлкен халықаралық жанжал тудырып, АҚШ-тың одақтастары да оған наразылық білдірген.
АҚШ-та Эдвард Сноуденге барлау қызметінің құпия бағдарламасын әшкерелегені үшін "тыңшылық жасады" деген айып тағылып, іс қозғалған.
Сноуден қазір Мәскеудің Шереметьево әуежайында тұрып жатыр деген болжам бар.