Accessibility links

"Роскосмос": "Протон-М" уақытынан бұрын ұшқан


"Роскосмос" басшысы Владимир Поповкин.
"Роскосмос" басшысы Владимир Поповкин.
2 шілдеде Байқоңырда апатқа ұшыраған ресейлік "Протон-М" зымыран тасығышы уақытынан 0,4 секундқа ерте ұшырылған. Бұл туралы жұма күні "Роскосмос" агенттігінің басшысы Владимир Поповкинге сілтеме жасаған "Интерфакс" агенттігі хабарлады.

Владимир Поповкин "Зымыран ұшу алаңынан қозғалтқыштары жұмыс режиміне ауыспай жатып, ерте ұшырылған" дейді.

Оның айтуынша, зымыранның алғашқы бөлігінің жану камерасындағы қысым қалыптағыдан төмен болған.

2 шілдеде үш "Глонасс" спутнигі тиелген "Протон-М" зымыран-тасығышы Байқоңыр космодромынан ұша бере апатқа ұшырап, жарылып кеткен еді. Апат болған аумаққа зымыранның улы отыны жайылғаны туралы хабарланған.
XS
SM
MD
LG