Accessibility links

Алматыда Шыңжаң қақтығысы құрбандарына ас берілді


Қазақстандық ұйғырлардың Шыңжаңдағы оқиғаны еске алу шарасы. Алматы, 13 тамыз 2009 жыл. (Көрнекі сурет)
Қазақстандық ұйғырлардың Шыңжаңдағы оқиғаны еске алу шарасы. Алматы, 13 тамыз 2009 жыл. (Көрнекі сурет)
Алматыда Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялы ауданында 2009 жылы 5 шілдедегі және биылғы 26 маусымдағы қақтығыстарда құрбан болған ұйғырларға арнап ас берілді деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Алматының шетіндегі зират маңында берілген асты ұйғырлардың дүниежүзілік қауымдастығы ұйымдастырған. Асқа Қазақстандағы және Қырғызстандағы ұйғыр қауымдастықтарының өкілдері (150-ден астам адам) жиналды.

Асқа жиналған қауымдастық өкілдері Шыңжаңда ұйғырларға қысым күшейіп келе жатқанын, қақтығыстар жайлы толық ақпарат берілмейтінін айтты.

2013 жылы 26 маусымда Шыңжаңның орталығы Үрімжіден 200 шақырым жерде – Тұрпан уәлаяты Пичан (қытайша Шаньшань) ауданы Лүкчүн қаласында болған қақтығыста 35 адам көз жұмған. Жергілікті үкімет бұл оқиға жайлы «пышақпен қаруланған бір топ адам полиция бекетіне, жергілікті үкімет үйіне шабуылдап, полиция көліктерін өртеді» деп хабарлаған.

Шыңжаңдағы соңғы бірнеше жылдағы ең ірі қақтығыс 2009 жылы шілденің 5-і күні Үрімжі қаласында болды. Ол оқиғадан, ресми дерек бойынша, 200-ге тарта адам қаза тапқан. Әуелі бейбіт түрде басталған шерудің соңы қақтығысқа ұласқан. Қытай билігі «197 адам қаза болды» деп хабарлағанымен, шетелдегі ұйғыр белсенділері толқу кезінде құрбан болғандар саны одан әлдеқайда көп екенін айтады.
XS
SM
MD
LG