Accessibility links

АҚШ-та жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады


АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында құлаған Boeing 777 жолаушылар ұшағы. 6 шілде 2013 жыл.
АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында құлаған Boeing 777 жолаушылар ұшағы. 6 шілде 2013 жыл.
6 шілдеде АҚШ-тың Сан-Франциско қаласының халықаралық әуежайында Boeing 777 жолаушылар ұшағы дұрыс қона алмай, жерге соғылған. Кем дегенде 2 адам қаза тапты деген ақпарат бар.

Оңтүстік Кореяның Asiana Airlines ұшағы Сеулден Сан-Франциско қаласына ұшып келген. Бортта 291 жолаушы мен 16 экипаж мүшесі болған.

Ресми қызметкерлердің хабарлауынша, қираған ұшақтан ондаған адам өз аяғымен қашып шыққан. 50 шақты адамның жағдайы нашар, олар ауруханаға жеткізілген.

CNN телеарнасының хабарлауынша, әртүрлі жарақат алғандардың жалпы саны - 182. 2 адамның мәйіті өртенген ұшақтың қасынан табылған. Паспорттарына қарағанда олар - Қытай азаматтары. Ұшақ апатынан тірі қалғандардың жалпы саны - 305 адам.

Фотографиялардан ұшақ фюзеляжының төбесі өртенгені, ұшақ құйрығын бөлініп қалғаны көрінеді.

Ресми өкілдер апаттың террорлық әрекет кесірінен болмағанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG