Accessibility links

Қашағанда мұнайшылар ереуілдеп жатыр


Каспий теңізінің Қашаған кен орнындағы жасанды "Д" аралы. Көрнекі сурет.
Каспийдің солтүстік бөлігінде Қашаған кенішіндегі жасанды D аралында жұмыс істеп жатқан 200-ге тарта мұнайшы ереуілге шықты. Бұл туралы Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына сілтеме жасаған ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Агенттіктің дерегі бойынша, "ереуілдеп жатқан мұнайшылар Agip компаниясының мердігері - CAPE Industrial Service кәсіпорнында жұмыс істейді".

Ереуіл жариялап, жұмыс істеуден бас тартқан мұнайшылар жұмысшылар санын қысқартуға наразы. Агенттік ақпараты бойынша, "қысқартулар кен орнындағы құрылыс және жөндеу жұмыстары аяқталғандықтан жүріп жатыр".

Ереуіл өтіп жатқан аймаққа облыс әкімінің бірінші орынбасары кеткен.
XS
SM
MD
LG