Страсбургтегі адам құқықтары жөніндегі Еуропа соты "қылмыскерді мерзімінен бұрын бостандыққа шығу мүмкіндігінен айырып, өмір бақи түрмеге қамау адам құқықтарын бұзады" деген шешім шығарды.
Еуропа сотындағы 17 судьяның 16-сы сотталушыға ісін қайта қарап, босатылуына мүмкіндік беруді қолдады.
Страсбург соты өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілген ұлыбританиялық үш тұтқынның шағымын қараған. Олардың арасында 1985 жылы өз жанұясының бес мүшесін өлтіргені үшін сотталған Джереми Бамбер бар. Енді Страсбург сотының үкімін Ұлыбритания үкіметі қарауы тиіс.
2003 жылы Ұлыбритания өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілгендердің үкімін 25 жылдан кейін қайта қарауға құқық беретін бапты жойған еді.
Ұлыбритания премьері Дэвид Кэмерон Страсбургтегі Еуропа сотының шешімімен "мүлде келіспейтінін" мәлімдеді.