Алматыда оппозиция өкілдерінің "Демократиялық күштер жиыны" басталды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.
Жиын оппозициялық "Азат" партиясының кеңсесі алдында, көшеде өтіп жатыр. Жиынды журналист Рысбек Сәрсенбай, саясаткер Жасарал Қуанышәлин, "Аман-саулық" қорының төрағасы Бақыт Түменова жүргізіп отыр. Жиынға барлығы 40-қа жуық адам қатысып жатыр.
Рысбек Сәрсенбай жиында әуелі бірнеше мәселені қозғайтын референдумға республика бойынша қол жинаудың нәтижесін жариялады. Алматыда 16 наурызда референдум өткізу жөнінде жалпы республикалық жиын болған еді. Онда Қазақстанның Кеден одағынан шығуы, жекешеленген банк мен кәсіпорындардың кейбірін мемлекетке қайтару, АЭС және ядролық қалдық банкін салу, зейнет жасын ұлғайтуға қатысты референдум өткізу мәселесі талқыланған.
Сәрсенбайдың айтуына қарағанда, референдум өткізуге мыңдаған адамның қолы жиналған. Бұдан соң жиында референдумға қол жинауды жалғастыру мәселесі дауысқа салынып, көпшілік дауыспен оны ары қарай жалғастыруға шешім қабылданды.
Жиында бұдан өзге Қазақстанда "саяси қуғын-сүргіннің жалғасып отырғаны", "Әблязовке қарсы науқан басталғаны" жайында айтылды. Жасарал Қуанышәлин "жай ғана жиналудың мүмкін болмай бара жатқанын" айтып, оған бүгінгі жиынды өткізуге бірнеше рет кедергі жасалғанын мысал ретінде келтірді.
Бүгін түске дейін жиынды өткізуге келісім берген төрт жер де соңғы сәтте келісімдерінен бас тартып, ұйымдастырушылар жиынды партия кеңсесінде өткізу туралы шешім қабылдаған. Жиынды ұйымдастырушылар соңғы сәтке дейін жиын өтетін орынды жарияламаған болатын.
Жиынға Семей, Астана, Атырау, Ақтөбе, Шымкент, Оралдан делегаттар келген.