Accessibility links

Сарыбөктер заставасының экс-басшысы бостандық алды


Сарыбөктер шекара заставасының бұрынғы басшысы Алексей Фомин сот залында. Талдықорған, 27 қараша 2012 жыл.
Сарыбөктер шекара заставасының бұрынғы басшысы Алексей Фомин сот залында. Талдықорған, 27 қараша 2012 жыл.
Алматы облыстық сотының апелляциялық алқасы Сарыбөктер шекара заставасының бұрынғы бастығы Алексей Фоминді мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы оның адвокаттарының өтінішін қанағаттандырды. Бұл туралы «Новости Казахстан» агенттігі хабарлады.

Бұған дейін Фоминді шартты түрде босату туралы өтінішті Талдықорған қалалық соты қанағаттандырмай тастаған еді. Фомин 2012 жылы 11 желтоқсанда үш жылға сотталған.

Оған сол жылы 28-30 мамырда «Арқанкерген» шекара бекетімен байланыс үзілгенін Үшарал шекара отрядының басшылығынан жасырып, байланысты қалпына келтіру шараларын жасамады деп айып тағылған еді. Фоминге бұған қоса «атыс қаруын заңсыз иеленді, сақтады және басқа адамға берді», «қызмет бабында жалған құжат жасады», «қызмет бабын асыра пайдаланды», «қызметінде әрекетсіздік танытты» деген бірнеше айып тағылған.

2012 жылы мамырдың 30-ы күні Алматы облысындағы Арқанкерген шекара бекеті толық өртеніп, 14 шекарашы мен 1 қорықшы – барлығы 15 адамның мәйіті табылған еді. Бұл қылмысқа қатысты тірі қалған жалғыз шекарашы – 19 жастағы Владислав Челах айыпты деп танылып, ол 2012 жылы желтоқсан айында сот үкімі бойынша өмір бойы түрме жазасына кесілген.
XS
SM
MD
LG