Accessibility links

Навальный мен Офицеров бостандыққа шықты


Навальный бостандыққа шықты
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:59 0:00

Киров облыстық соты Алексей Навальный мен Петр Офицеровты бостандыққа шығару туралы шешімін жариялады. 19 шілде 2013 жыл.

Ресейдің Киров облыстық соты 19 шілдеде прокуратураның апелляциялық шағымын қанағаттандырып, Алексей Навальный мен Петр Офицеровті қамаудан босату туралы шешім шығарды. Сот залына жиналғандар шешімді естіген кезде ду қол шапалақтады.

Сот залынан бостандыққа шыққан Навальный мен Офицеров өздеріне қолдау танытқандардың барлығына алғыстарын білдірді.

18 шілдеде Киров қаласының Ленин аудандық соты «Кировлес ісі» бойынша айыпты деп танып, Алексей Навальныйды 5 жылға, Петр Офицеровті - 4 жылға бас еркіндігінен айыру туралы үкім шығарған еді. Тергеу орындары таққан айыпты мойындамаған екеуі де сот залында қамауға алынған.

Сол күні Мәскеу және өзге қалаларда сот үкіміне наразылық акциялары өткен. Ресей астанасында Манеж алаңына жиналғандар «Путин – ұры!» деп ұрандап, полиция ондаған адамды ұстап әкеткен. Наразылық акциялары басталған кезде Навальный мен Офицеровті апелляциялық шағым қарау мерзімі аяқталғанша тұтқынға алу заңға қайшы екендігін айтып прокуратураның сотқа шағым түсіретіні хабарланған.

Ресейде президент Владимир Путиннің саясатын сынап, жоғары биліктегі жемқорлықты әшкерелейтін істерімен танылған 37 жастағыазаматтық белсенді, блогер Алексей Навальный қылмыстық істі «саяси тапсырма» деп санайды.
XS
SM
MD
LG