Accessibility links

Бішкекте террорлық айыбымен 13 адамға үкім шықты


Беш-Кунгей ауылында күдікті топқа қарсы арнайы операция өткен үйдің жанында тұрғандар. 5 қаңтар 2011 жыл.
Беш-Кунгей ауылында күдікті топқа қарсы арнайы операция өткен үйдің жанында тұрғандар. 5 қаңтар 2011 жыл.
Жұма күні Бішкек қаласы Октябрь аудандық соты террорлық айыбы тағылған 13 адамға қатысты үкім шығарды.

Бақыт Кенжеғұлов, Едил Абдырахманов және Данияр Қадыралиев өмір бойы айрықша тәртіптегі түрме жазасына кесілді. Әрқайсысы 23 жылға сотталған Акбарали Хатамов, Мурат Доолотказиев, Саитжафар Асиров және Руслан Турдубек уулу, 22 жылға бас еркіндіктерінен айрылған Маратбек Чекирокоев пен Ийгилик Усекеев жазаларын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтін болды. Сот барлығының дүние-мүлкін тәркілеу туралы шешім қабылдады.

Сондай-ақ сот Айбек Қоргонбековті – 8 жыл, Кубанчбек Медетбековті – 7 жыл қатаң тәртіптегі колонияда қамауда ұстау жазан тағайындады. Дамирбек Батырбашиев пен Дуйшонбек Турдалиевтің әрқайсысы 4 жылға сотталды. Соңғы екеуі жазаларын қоныс колониясында өтейді.

Қылмыстық істі сотта қарау барысында айыпталушылардың бұған дейін Қырғызстанда жасалған бірнеше жарылысқа жауапты «Жайшул Махди» террорлық тобына мүше болғаны анықталды. Бұл топ 2010 жылы өздерінің ісіне кездейсоқ куә болған азаматтың өліміне, сонымен бірге 2011 жылы қаңтарда Бішкекте қаза тапқан 3 милиция қызметкері мен Беш-Кунгей ауылындағы арнайы операция кезінде мерт болған сарбаздың қазасына айыпты деп танылды.

Сотталғандардың адвокаттары үкіммен келіспей, апелляциялық шағым түсіретіндерін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG