Accessibility links

Байқоңырда кезекті «Протон-М» құрастыруға кірісті


«Глонасс» спутнигі тиелген ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышы. Байқоңыр, 2 шілде 2013 жыл.
«Байқоңыр» ғарыш айлағында «Протон-М» зымыран тасығышын құрастыру жұмыстары басталды деп хабарлады «Интерфакс-Казахстан» агенттігі.

Бұл «Протон-М» жер орбитасына америкалық Sirius FM-6 спутниктік радиоға арналған ғарыш аппаратын жеткізеді деп жоспарланған. Әзірге ұшу кестесі жасалмаған, бірақ бұған дейін Мәскеудегі Хруничев атындағы орталықтың ақпаратында еуропалық Astra 2E, АҚШ-тың Sirius FM-6 және Inmarsat 5 F1 коммерциялық спутниктері, сонымен бірге Ресейдің әскери мақсаттағы «Радуга-1М» және «Экспресс-АМ5» байланыс спутнигі ғарышқа ұшатындар тізімінде аталған деп жазады агенттік.

2 шілде күні үш «Глонасс» спутнигі тиелген ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышы Байқоңырдан ұша бере апатқа ұшырап, жарылып кеткен соң, Ресейдің «Роскосмос» агенттігінің басшысы апат себебін анықтайтын комиссияның жұмысы аяқталғанша «Протон-М» зымыран тасығышын ғарышқа ұшыру уақытша тоқтатылатынын мәлімдеген еді.

Апат салдарынан Байқоңыр ғарыш айлағы маңындағы зымыран тасығыштың улы отынымен ластанған жер көлемі туралы түрлі пікірлер айтылды.

AzattyqTV

Террорға қарсы күрес

"ИМ" тобын тықсырды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG