Accessibility links

Царнаевтың суретін жариялаған полицей жазаланды


Rolling Stone журналында жарияланған Джохар Царнаевтың суреті. 17 шілде, 2013 жыл.
Rolling Stone журналында жарияланған Джохар Царнаевтың суреті. 17 шілде, 2013 жыл.
АҚШ-тың Массачусетс штатының полиция офицері Бостон марафонындағы жарылысқа күдікті деп танылған Джохар Царнаевтың ұсталған кезіндегі суретін жариялағаны үшін қызметінен босатылды.

Полиция департамантінің хабарлауынша, сержант Шон Мерфи әкімшілік демалысқа шығарылған. Оның полициялық құралдары мен қарулары алынып, басқа полицей бөліміне жіберілген.

Таяуда The Rolling Stone журналында Царнаевтың жымиып тұрған сәті бейнеленген суреті жарияланған болатын. Мерфи осыған байланысты өзінің Царнаевтың өзге суреттерін жариялағанын айтқан.

Сол суреттерде Царнаевтың полиция ұстайтын кезде соққыға жығылып, қансыраған сәті түсірілген. Ресми тұлғалар Мерфидің бұл суреттерді жариялау құқығы болмағанын айтады.

Осы іс бойынша тергеу жүріп жатыр.
XS
SM
MD
LG