Accessibility links

Гуантанамодағы екі тұтқынды АҚШ Алжирге бермек


Кубада орналасқан АҚШ әскери базасы - Гуантанамо. 6 наурыз 2013 жыл.
Кубада орналасқан АҚШ әскери базасы - Гуантанамо. 6 наурыз 2013 жыл.
АҚШ билігі террорлық іс-әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен Гуантанамо әскери базасындағы түрмеде отырған екі тұтқынды Алжирге беретінін мәлімдеді.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джей Карни екі тұтқынды Алжирге репатриациялау мәселесі Конгреспен келісілгенін және бұл «АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі мүддесіне сәйкес» екенін хабарлады. Сонымен бірге Карни президент Обаманың әкімшілігі Гуантанамо түрмесін жабуға ниетті екенін, Ақ үй Конгресті Гуантанамо тұтқындарын АҚШ аумағына әкелуге қойылған шектеуді алып тастауға шақырғанын айтты.

Кубада орналасқан АҚШ әскери базасы - Гуантанамода 2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-қа қарсы жасалған террорлық шабуылдан соң ұсталған күдіктілер қамауда отыр. Қазір онда 166 тұтқын бар.

2008 жылы АҚШ президенті сайлауына түскен кезде Барак Обама Ақ үй басшылығына келер болса бұл түрмені жабуға уәде берген еді.
XS
SM
MD
LG