Accessibility links

Сот: Мэннинг АҚШ жауларына болысқан жоқ


АҚШ сарбазы Брэдли Мэннинг Форт-Мидтегі әскери трибуналға жеткізілді. Мэриленд, АҚШ, 30 шілде 2013 жыл
АҚШ сарбазы Брэдли Мэннинг Форт-Мидтегі әскери трибуналға жеткізілді. Мэриленд, АҚШ, 30 шілде 2013 жыл
АҚШ әскери сотының судьясы қатардағы сарбаз, 25 жастағы Брэдли Мэннингті "АҚШ-тың жауларына болысты" деген айып бойынша кінәсіз деп таныды. Егер ол бұл айып бойынша кінәлі деп танылғанда өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесіліп, одан мерзімінен бұрын босап шығу құқығынан айырылатын еді.

Барлау ақпараттарына талдау жасайтын бұрынғы әскери қызметкер "тыңшылық жасады", "ақпарат ұрлады" және басқа да заңдарды бұзды деген бірнеше айып бойынша кінәлі деп танылды.

Мэннинг 2010 жылы Иракта әскери қызметте болған кезінде Wikileaks сайтына Ирак пен Ауғанстанға қатысты 470 мың әскери құжатты, АҚШ мемлекеттік департаментінің 250 мың дипломатиялық жазбалары мен басқа да құжаттарды, оның ішінде видеожазбаларды бергенін мойындады. Ол құжаттардың көпшілігі интернетте жарияланып кеткен.

Адвокаттары Мэннингті әскери қылмысты әшкерелеуге тырысты деп санайды.

31 шілдеде сот тыңдауы басталып, Мэннингке үкім шықпақ.
XS
SM
MD
LG