Грузияның мәдениет министрлігі Иосиф Сталиннің оның туған қаласы - Горидегі ескерткішін туған күніне дейін (21 желтоқсан) қалпына келтіруге ниетті екендігін хабарлады. Ескерткіш батысшыл президент Михаил Саакашвилидің бастамасымен 2010 жылы - совет кезеңінен қалған ескерткіштерді қирату науқаны кезінде алынып тасталған еді.
Михаил Саакашвилидің өкілеті биыл қазанда аяқталады. Бірақ елде жүргізілген конституциялық реформалар нәтижесінде оның билігі біршама шектелген еді. Президентке тиесілі бірқатар өкілеттік парламент пен премьер-министр Бидзина Иванишвилиге берілген.
Саакашвили Сталиннің ескерткішін қайта орнату жоспарын Грузияға қарсы және варварлық әрекет деп атап, оған наразы екенін мәлімдеді.
Қоладан құйылған, биіктігі алты метрлік Сталин ескерткіші қазір қорғаныс министрлігінің Горидегі әскери базасының аумағында жатыр.