Accessibility links

Джон Керри Пәкістанға барды


Джон Керри, АҚШ мемлекеттік хатшысы.
Джон Керри, АҚШ мемлекеттік хатшысы.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри ресми сапармен Пәкістанға барды.

Керри Пәкістанға бұл елде жаңа үкімет құрылған мамыр айынан бері бірінші рет барып отыр. Ол премьер-министр Наваз Шарифпен және басқа да үкімет өкілдерімен, әскери шенеуніктермен кездеспек.

Мемлекеттік департамент Керридің кездесулерінде қауіпсіздік, Пәкістан экономикасын дамыту сияқты мәселелер талқыланатынын хабарлады.

Екі ел арасындағы қарым-қатынас Ауғанстанға қатысты мәселеде жиі шиеленісіп кетеді.

Вашингтон Исламабад "Талибан" ұйымы мен Ауғанстан үкіметі арасындағы келіссөздерді жандандырады деп үміттенеді.
XS
SM
MD
LG