Accessibility links

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон жұмыс сапарымен Мәскеуге барды. Мұнда ол Ресей президенті Владимир Путинмен кездеспек.

Кездесуге негізінен Ресейде жұмыс істеп жүрген тәжік мигранттарының мәселесі, Ресейдің Тәжікстандағы энергетикалық жобаларға қатысуы және сондағы 201-дивизиясының осы елде бұдан ары қарай қалу мәселелері талқыланбақ.

Кездесуде 2014 жылы Ауғанстаннан халықаралық коалиция күштері шығарылғаннан кейінгі Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесі де айтылмақ.

Эмомали Рахмонмен бірге Мәскеуге Тәжікстанның қорғаныс министрі, экономикалық даму және сауда министрі, энергетика министрі, көші-қон қызметінің басшысы да барды.

AzattyqTV

Авдеевкадағы соғыс

Украина майданы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG