Accessibility links

Ораза айт 8 тамызда басталады


Әзірет Сұлтан мешіті. Астана, 6 шілде 2013 жыл. Көрнекі сурет.
Әзірет Сұлтан мешіті. Астана, 6 шілде 2013 жыл. Көрнекі сурет.
Биыл мұсылмандардың Ораза айт мерекесі Қазақстанда 8 тамызда басталады. Бұл туралы Қадір түнін өткізу мен оған дайындыққа арналған жиында Астана орталық мешітінің имамы Қалижан Заңқоев хабарлады.

Биыл Қазақстан мұсылмандары Қадыр түнін тамыздың 3-інен 4-іне қараған түні күтеді. Астанада айт намазы жергілікті уақытпен таңғы 6.30-да оқылады.

Үш күнге созылатын Ораза айты кезінде мұсылмандық діни жоралғы бойынша жұрт үйлерінде дастарқан жайып, келген адамды қарсы алады, сондай-ақ өздері де басқа жұртшылықпен бірге айттап, игі тілек тілейді.

Рамазан айы шілденің 9-ында басталған.
XS
SM
MD
LG