"ВКонтакте" әлеуметтік желісі АҚШ арнайы қызметінің бұрынғы агенті, қуғындағы Эдвард Сноуденге қызмет ұсынды.
Ресейлік РБК Daily басылымының хабарлауынша, бұл туралы "ВКонтакте" компаниясының директоры Павел Дуров мәлімдеген. Сноуденнің өзі бұл шақыртуға қалай қарағаны белгісіз.
Сарапшылар "ВКонтакте" Сноуденді жұмысқа алса, компания Батыс елдеріндегі бизнесінде кедергілерге тап болуы мүмкін деп болжайды.
Эдвард Сноуден АҚШ барлау қызметтерінің телефон байланыстары мен интернетті бақылайтын арнайы бағдарламасы туралы құпия ақпараттарды жариялаған. АҚШ үкіметі оған "тыңшылық жасады" деген айып тағып, іс қозғаған.
Ресей билігі 1 тамызда Эдвард Сноуденге бір жылға уақытша баспана берді. Бұдан соң ол 23 маусымнан бері тұрып келген Мәскеудің Шереметьево әуежайындағы халықаралық транзиттік аймақты тастап шығып, Ресей аумағына кетті. Қазір Сноуденнің қай жерге орналасқаны белгісіз.