Accessibility links

Египет полициясы наразы топқа жас ағызатын газ шашты


Мұхаммед Мурсиді қолдаушылар Рабаа әл-Адаиуа мешітінің жанында наразылық акциясында. Каир, Египет, 2 тамыз 2013 жыл.
Мұхаммед Мурсиді қолдаушылар Рабаа әл-Адаиуа мешітінің жанында наразылық акциясында. Каир, Египет, 2 тамыз 2013 жыл.
Египет астанасында жұма күні бұрынғы президент Мұхаммед Мурсиді қолдап наразылық акциясына шыққандар телехабар тарату кешені маңына келгенде полиция оларға көзден жас ағызатын газ шашқан.

Мурсиді жақтаушылар жұма намазынан соң Каирдің орталық көшелерімен шеруге шыққан еді. Олардың бір бөлігі Рабаа әл-Адаиуа мешітінің жанында бірнеше апта наразылық білдіріп отырғандарға қосылуға әрекет жасады. Сондай-ақ, әуежай маңында жаңадан наразылық лагерін орнатпақ болған.

Египеттің уақытша үкіметі шерушілерге қарсылықты тоқтатуға шақырып, бағынбаған жағдайда оларды күшпен тарататынын ескерткен. Бірақ «Мұсылман бауырлар» қозғалысы бастаған наразы топ Мурсиді билікке қайтармайынша наразылықты тоқтатпайтындарын мәлімдеген.

АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Уильям Бернс сенбі күні Каирде уақытша үкімет өкілдерімен кездесуі тиіс.

Египетте шілденің 3-і күні әcкерилер биліктен шеттеткен президент Мұхаммед Мурси палестиндік ХАМАС тобымен әріптестік орнатқан деген күдікпен 15 күнге қамалғаны туралы осыдан бір апта бұрын хабарланған еді.
XS
SM
MD
LG