Accessibility links

Пәкістанда төрт полицейді атып кеткен


Полицияның арнайы жасағы шийттердің діни рәсімі кезінде қауіпсіздікті қадағалап тұр. Карачи, 23 қараша 2012 жыл. Көрнекі сурет.
Полицияның арнайы жасағы шийттердің діни рәсімі кезінде қауіпсіздікті қадағалап тұр. Карачи, 23 қараша 2012 жыл. Көрнекі сурет.
Пәкістанның Карачи қаласында белгісіздер полицияның төрт қызметкерін атып өлтірген.

Бұл туралы сенбі күні жергілікті полиция шенеунігі Тахир Навидтің айтуынша, сенбіге қараған түні кезекшілікте болған полиция өкілдеріне Карачидің шығысында орналасқан Фейсал кентінде белгісіз біреулер оқ жаудырған. Қаза болған төртеудің жансыз денелері көліктен табылған.

Пәкістанның адам құқығы жөніндегі комиссиясы Карачиде жыл басынан бері кемінде 100 полиция қызметкерінің қаза тапқаны туралы деректер келтіреді.

20 миллион тұрғыны бар Карачиде этникалық және діни сипаттағы қақтығыстар, сонымен бірге түрлі қылмыстық топтардың арасында қарулы жанжалдар жиі болып тұрады.
XS
SM
MD
LG